Ақтөбеде қызметтік көліктерді жұмыстан тыс кезде пайдаланған басшылар жауапқа тартылып жатыр

kp.kz
Жобалық кеңсе қызметкерлері қоғам белсенділерінің қатысуымен 2018 жылы жұмыс уақытынан тыс көлікті пайдалану фактілерін анықтады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың Ақтөбеге арнайы келіп ашқан "Адалдық алаңы" жобасы жұмыс кездесуін өткізді. Мамандар басқарма басшылары және әкім орынбасарларына заң аясында жұмыс істеу керектігі ескертілді, деп хабарлайды aktobenews.kz.

"Адалдық алаңы" жобасының міндеті өңіріміздегі азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру болып табылады. Жоба мемлекеттік биліктің барлық саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған", — дейді мемлекеттік агенттіктің бас маманы Ақансері Ержанұлы.

Аталмыш жоба өткен жылдың желтоқсан айынан жұмысты бастап кеткен. Нәтиже бар.

Бас маманнның хабарлауынша, жобалық кеңсе қызметкерлері қоғам белсенділерінің қатысуымен 2018 жылы жұмыс уақытынан тыс көлікті пайдалану фактілерін анықтады. Рейдтік жұмыс жүргізіп, нәтижесінде 9 құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта қосымша тергеу мен қызметтік көліктердің жұмыстан тыс кездегі қозғалысының не себепті болғаны анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты