Шекарадан жоғарғы электр кернеуінің көрсеткіштерін алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды

Baq.kz
Табылған жүктің жалпы сомасы – 840 000 теңгені құрайды.

Жоғарғы электр кернеуінің көрсеткіштерін тапқан. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап baq.kz хабарлады.

Сарыағаш шекара отрядының "Қазығұрт" шекаралық тексеру бөлімшесінде шекара наряды жекеменшік "Дамас" автокөлігімен біздің елден көрші мемлекетке қарай өтіп бара жатқан Өбекстан азаматын ұстады.

Шекарашылар оның көлігінен ешқандай рұқсат қағаздарынсыз шекарадан өткізбек болған 104 дана жоғарғы электр кернеуінің көрсеткіштерін тапқан.

Табылған жүктің жалпы сомасы – 840 000 теңгені құрайды. Мемлекеттік шекарадан алып өтуге болатын жүктің белгіленген мөлшерден асырылуы себепті азамат ұсталды.
Тиісті органдар хабарланды. Тексеру жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі