Қостанай тұрғыны есірткіні әжетхана еденінің астына жасырып келген

thailand-trip.org
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 килограмм 600 граммды құраған.

Қостанайлық тәртіп сақшылары ірі көлемде есірткі сақтаған қылмыскерлерді қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында екі күдіктіні ұстап, олардан бір жарым килограммның үстінде героин тәркіледі.

"47 жастағы ер адам және 35 жастағы әйелді қолға түсіру операциясы Қостанай қаласының шетіндегі Киевский ауылында жүргізілді. Күдіктілер есірткі затын айлалы тәсілмен сақтаған. Даладағы әжетхана еденінің астында құпия қойма жасаған. Есірткіні шегеге ілінген пакетте сақтаған. Тәркіленген героинның жалпы салмағы 1 килограмм 600 граммды құрады", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ирина Беженарь агенттік тілшісіне.

Бүгінде осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 297 бабы, 3 бөлігімен ("Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау") сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталмыш баптың санкциясы мүлікті тәркілеумен қатар, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді