Қараусыз қалған сәби эскалаторға шығып кетті: оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді

dozor.kharkov.ua
Абырой болғанда сол маңдағы адамдар сәбиді дер кезінде құтқарып қалды.

Қытайдың Уси қаласындағы сауда орталықтарының бірінде тоғыз айлық сәби эскалатордан құлап кетті. Бұл туралы sputniknews.kz "Россия-24" арнасы сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға сауда орталығындағы бақылау камерасына түсіп қалған.

Оқиға сауда орталығындағы бақылау камерасына түсіп қалыпты. Видеода "ходунокпен" жүрген бөбек анасы тауар қарап жатқанда дүкеннен шығып, эскалаторға қарай беттейді.

Бір уақытта сәби автоматты баспалдаққа қадам басып, құлап кеткен. Абырой болғанда, сол сәтте эскалатормен 22 жастағы жігіт шығып келе жатып, баланы ұстап үлгереді.

Тоғыз айлық сәби құласа, ауыр жарақат алуы мүмкін еді. Жергілікті құқық қорғау органдары бөбектің анасымен тәрбиелік жұмыс жүргізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі