ҚР Көлік прокуратурасы бір жылдың ішінде 142 тасымалдаушының қызметін тоқтатты

Нәтижесінде 139 көлік тасымалдаушының және 3 әуекомпанияның жұмыс жасауына тиым салынды.

Бас көлік прокуратурасында 2018 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша алқа отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен жылы көлік прокурорларының күш-жігері көліктің барлық түрлеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, көлік қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, жұмысшылардың еңбек құқықтарын, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталғаны атап өтілді.

Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 139 көлік тасымалдаушының және 3 әуекомпанияның заңсыз қызметі, 17 ұшақты және 94 қайта жабдықталған автобустарды пайдалану тоқтатылды.Темір жол саласында да, авиация саласында да тексеру кезінде қауіпсіздікпен тікелей байланысты қызметкерлердің жалған дипломдары анықталды.

"Темір жол билеттерін қайтару үшін 1 000 теңге көлемінде комиссиялық алым алудың заңсыз тәжірибесі тоқтатылды. Қадағалау актілері бойынша көлік саласының 3 900 жұмысшының алдында 146,9 млн. теңге сомасында жалақы бойынша берешек өтелді. Ден қою шараларымен 2,3 млрд. теңге, оның ішінде мемлекет кірісіне 1,9 млрд. теңге өндірілді", - деп хабарлайды бақылау органының өкілдері.

Елімізге АҚШ-тан зергерлік бұйымдар мен сирек кездесетін заттарды контрабандалық жолмен әкелу бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарының заңсыз көші-қонын ұйымдастырған құрамында 32 адам, оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің 14 әскери қызметшісі және көші-қон полициясының 4 қызметкері бар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды.

Алдын алу шараларыныі нәтижесінжде аса ауыр қылмыстардың 58%, ауыр қылмыстардың 2%, ауырлығы орташа қылмыстардың 9% және ауыр емес қылмыстардың 37% төмендеуіне қол жеткізілді. Цифрландыру бағдарламасы шеңберінде электрондық форматта 52 қылмыстық іс тергелді, оның ішінде 47 аяқталды, 5-уі сотқа жолданды. Соттар 1 302 адамға қатысты 1 105 қылмыстық іс қаралды.

Бас бостандығынан айыруға 84 адам сотталды. Енгізілген апелляциялық өтініштер саны 2017 жылмен салыстырғанда 3 есеге өсті. Оларды қарау нәтижелері бойынша 47 адамға қатысты 33 іс бойынша соттардың қателіктері түзетілді. Қылмыстық айыппұлдардың орындалуы 79% немесе 99,6 млн. теңгені құрады, мемлекетке 2,3 млрд. теңгеге немесе 90 % тәркіленген мүлік берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді, сондай-ақ ағымдағы жылға көлік прокурорларының қызметіндегі міндеттер мен басымдықтар айқындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: