Алматыда күштік құрылымдар Таяу Шығысқа әскери техника жеткізген ҰҚТ-тың жолын кесті

Пресс-служба КНБ РК
Мәміленің сомасы 122 мың доллардан асып түскен.

ҚР ҰҚК Алматыда арнайы операция жүргізу барысында дәл уақытында Таяу Шығыс елдеріне әскери авиациялық техниканы заңсыз жеткізудің жолын кесті, деп хабаралайды Zakon.kz.

Алынған мәліметтерге сәйкес, ҚР азаматтарынан құралған қылмыстық топ бірқатар шет елдердегі әскери әуе кемелерге орнатылатын авиациялық құрылғыларды мемлекеттен заңсыз алып өтпек болған. Келісім сомасы 122 мың АҚШ долларынан асып түскен. ҚР ҚК 286-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

16-қаңтар күні тергеу шараларының барысында жөнелтуге дайын тұрған құрамдас блоктары бар әскери бұйымдардың бары анықталды. Қылмысқа қатысы бар адамдар ұсталды. Алматының мамандандырылған сотымен оларға қатысты "қамауға алу" шарасы қолданылып, олар ҚР ҰҚКД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі