Ресей мемлекеттік думасының депутаты қызылордалық полицейді қонаққа шақырды
Росинформбюро
Саясаткер қазақстандық полиция қызметкері өзінің кәсіби деңгейін қалай көрсеткенін айтты.
РФ Мемлекеттік думасының депутаты Алексей Журавлев қызылордалық полицейдің әрекеті туралы айтты және оған алғысын білдіріп, Мәскеуге қонаққа шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресейлік депутаттың ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа жолдаған видео жолдауынан белгілі болғандай, оқиға 2017-жылдың мамыр айында болған. Алексей Журавлев Қазақстанда саяхаттап жүріп, Қызылордаға табан тіреген. Кеш батып, қас қарайған шақта ер адам қала ішінде бағытынан жаңылады. Сол сәтте полиция қызметкері Жасұлан Өксікбаев өзі тоқтап, қалаға қыдыра келген қонақты қонақ үйге жеткізіп салған.
Алексей Журавлев ҚР ІІМ басшылығын қол астындағы қызметкердің әрекетін елеусіз қалдырмауды сұрады.
Айта кеткен жөн, Журавлев аталған оқиғамен артынан ресейлік телебағдарламалардың бірінде бөлісіп, қазақстандық заң өкілінің кәсіби деңгейі мен бауырмалдығын атап өтті.
Депутат таяуда ғана РФ Мемлекеттік думасындағы өзінің жұмыс кабинетінен Жасұлан Өксікбаевқа видеожолдау жазды. Ол сол сапарында елді аралау үшін Қазақстанға қарапайым азамат ретінде келгенін айтты. Алматыда, Шарын шатқалында және тағы басқа орындарда болғанын атап өтті. Ал Қызылорда оған тіпті жаңалық болыпты. Соның ішінде Жасұланның еңбегі да бар.
"Мықты полицей болғаның үшін саған мың алғыс... ...Құшақтадым, қонаққа күттем",- деп түйіндеді депутат.