Н. Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді

Мәжілістің баспасөз қызметінен алынды
Отырыста көлік мәселелері бойынша бірақатар заңнамалар талқыланды.

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Бұл туралы Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Депутаттар қарауына "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылды.

Бұл заң жобасы жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, көліктегі бақылау функцияларын оңтайландыру, ұлттық заңнаманы теңіз теміржол және автомобиль көлігі мәселелері бойынша халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестендіруді көздейді.

Осы күні Мәжіліс Қазақстан мен Беларусь Үкіметтері арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімді ратификациялайтын заң жобасын қарамақ.

Сонымен қатар, Бюро отырысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын Мәжілістің жалпы отырысында қарау жоспарланды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін