Астаналық экс-депутат: енді төсімді жалаңаштап шықпаймын

Динагүл Тасова Астана жастар мәслихатында бір жыл депутат болған.

Астанада өткен сән көрсетілімінде төсін жалаңаштап, басы дауға қалған депутат-модель Динагүл Тасова қандай жағдайда подиумға төсін жалаңаштанып шықпайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тасованың айтуынша, жастар мәслихатында ол бір жыл депутат болған.

"2018 жылдың басында жастар мәслихатының депутаты болдым. Уақыты бір жылдық болатын, сондықтан мерзімі 31 желтоқсанда аяқталды. Өз мандатымды өте жақсы қорғап шықтым деп айта аламын. Өйткені бұл сала бойынша біраз жұмыс атқарылды. Бірақ, олардың ешқайсысы сән көрсетіліміне қатысы жоқ", — деді модель Sputnik мультимедиялық баспасөз орталығында.

Ол егер ұсыныс түсіп жатса, қайтадан депутат болуға қарсы емес екенін білдірді.

"Егер маған қайтадан жалғастырыңыз десе, онда келісемін. Бірақ подиумға төсімді жалаңаштап шықпаймын. Өзіме осындай шарт қойып отырмын. Бұл мемлекеттік емес, қоғамдық ұйым емес. Дегенмен, маған соңғы кездері жастар сізден үлгі алады, осының бәрі сіз себепші болып жатырсыз деп жиі айтады. Сондықтан осы жағын ескергендіктен, іш киімсіз шықпаймын", — деді Тасова.

Қазір астаналық қыз зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға психологиялық және заңдық тұрғыда көмек көрсететін "Нәзік жүрек" қоғамдық ұйымын ашпақшы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: