Банктерге ипотека бойынша сыйақы алуға тыйым салынады

caravan.kz
Бұл түзету жеке тұлғаны (заемшыны) сыйақы бойынша қарызының өсіп кетуінен қорғайды.

2019 жылдың 2 ақпанынан бастап банктерге ипотекалық заем төлеу мерзімі 180 күн өтіп кеткеннен кейін есептелінген сыйақыны алуға тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

«Бұл түзету жеке тұлғаны (заемшыны) сыйақы бойынша қарызының өсіп кетуінен қорғап, банктердің борышкерге қатысты дер уақытында шара қабылдау жауапкершілігін арттыратын болады», - делінген Әділет министрлігі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 2019 жылдың 21 қаңтарында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң аясында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Заңға түзетулер енгізіліп отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды