Семейде жылына 30 мың тонна ет өңдейтін зауыт салу жоспарлануда

http://coolidea.ru
Шығыс Қазақстанда ет экспортын еселеуге арналған мықты жобалар қолға алынуда.

Болашақта Семейде жылына 30 мың тонна ет өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Болашақта Семейде жылына 30 мың тонна ет өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр. Осындай ірі бастама Аягөз ауданында да қарастырылып жатыр. 2018 жылы аймақта 228 тонна ет экспортталған. Оның 132 тоннасы Өзбекстанға, қалғаны Ресейге жіберіліпті. Ал биыл ауылшаруашылық басқармасының мәліметінше, шетелге 1,500 тонна ет шығару межеленген. Өскемендік және Аягөздік кәсіпкерлер Қытай нарығын да игеруге мүдделі. Өңірде жаңа ірі комбинаттар іске қосылса,бордақылау алаңқайларының саны да екі есеге артады. Егер аталған жоспарлар сәтті жүзеге асса, 2022 жылдан бастап жылына 17,500 тонна ет экспорттау көзделіп отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды