«Алматы-Өскемен» автожолындағы қозғалыс қалпына келтірілді

www.inform.kz
Арнайы жол қызметтері тиісті шаралар қабылдап, аталған жол учаскесіндегі қозғалысты қалпына келтірді.

«Алматы – Өскемен» республикалық автожолындағы қозғалыс барлық көлік құралдары үшін қалпына келтірілді»,- деп хабарлайды zakon.kz, Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 31 қаңтарда, таңертең «Алматы-Өскемен» автожолының 16-122 шақырым аралығы ауа-райының қолайсыздығына, яғни, жол төсенішінде мұздың пайда болуына байланысты апатты жағдайларды болдырмау мақсатында барлық көлік құралдары үшін қозғалыс тоқтатылған болатын. Арнайы жол қызметтері тиісті шаралар қабылдап, аталған жол учаскесіндегі қозғалысты қалпына келтірді.

«Автожол учаскесінде бүгін 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Сонымен қатар, көліктердің соқтығысуы кезінде дене жарақатын алған адамдар жоқ екенін атап өтеміз»,-деп толықтырды ведомство өкілдері.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды