Астанада үй өртеніп, нәтижесінде бес бала қаза тапты

Pixabay
Қайғылы оқиға орын алған кезде олардың ата-аналары жұмыста болған.

Астанада өрт кезінде балалар қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК сілтеме жасап.

Өрт туралы хабар 4-ақпан күні түнгі сағат 02.34 түскен. Мәлімет бойынша, Сарыарқа ауданындағы Шыңғыстау көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің аумағындағы уақытша құрылыс нысаны отқа оранған.

Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпып, салдарынан 25 шаршы метр болатын шатыр опырылып түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері тілсіз жауды сағат 03.06 ауыздықтап, сағат 03.24 толық сөндірген.

Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары туылған балдардың денелері табылды. Олардың ата-аналары оқиға кезінде жұмыста болған.

Қызыл жалынды сөндіруге Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 17 маманы мен бес өрт сөндіру техникасы, ТЖК ОӨАЖҚЖ жеке құрамының 4 маманы мен бір техникасы жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді