Алматыда мешітте ұрлық жасаумен айналысқан қалта ұрысы ұсталды

Алматы ПД баспасөз қызметі
Ұсталған азамат бұған дейінде бірнеше рет жауапкершілікке тартылған.

Алматыда мешітте ұрлық жасаумен айналысқан қалта ұрысы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы мешіттердің бірінде ұялы телефон қолды болады. Ұялы телефон жас жігіттің күртешесінің қалтасынан ұрланған.

"Ер адам ұялы телефонының жоғалғанын құлшылық жасап болған бойда байқаған. Ол полицияға хабарласып, затының жоғалғанын айтады. Дереу жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, күдіктнің кім екені анықталды. Жедел із кесу бөлімінің қызметкерлері қолының сұғанағы бар адамды санаулы минуттардың ішінде ұстап алған. Жеке басын тексеру кезінде 30 жастағы күдіктіден қолды болған телефон тәркіленді. Ер адам жасаған ісін толық мойындады. Айта кеткен жөн, фигурант бұған дейінде осындай қылмысы үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таңда Бостандық ауданының Полиция басқармасымен ҚР ҚК 188-бабына сәйкес сот алды тергеу басталды",- деп атап өтті Алматы қалалық ПД Криминалды полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Есен Ысқақов.

Қалалық полиция қызметкерлері тұрғындарға өз заттарына мұқият және оларды сақтау үшін қажетті шараларды қолдануды сұрап отыр. Тәжірибе көрсеткендей, қалта ұрлығы адамдар көп шоғырланатын жерлерде орын алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды