Түркістан: Түлкібас ауданының ауруханасында заманауи қабылдау бөлімі ашылды

Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Қабылдау бөлімі тираж жүйесі арқылы іске асып отыр.

Түркістан облысының Түлкібас ауданында тұрғындарыға қолжетімді медициналық көмекті оңтайландыру мақсатында аудандық аурухана ғимаратында заманауи қабылдау бөлімі ашылды, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Қабылдау бөлімі тираж жүйесі арқылы іске асып отыр. Жүйе науқастарға қызмет көрсету уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қабылдау бөлімінде заманауи тіркеу орны, сары, жасыл, қызыл зоналары жасалынды. Сонымен қатар кіші операциалық , айелдер көру, балалар көру, жұқпалы аурулар, санитарлық өткізу бөлмелері және күту залымен қамтылған. Науқастарға жедел көмек көрсету үшін УЗИ мен ЭФГС бөлмелері қабылдау бөлімінің ішінен ұйымдастырылып, зертхана жақындастырылды.

Сондай-ақ, жаңа қабылдау бөлмесінде науқас дәрігерді заманауи SOS қондырғысы арқылы шақыра алады. Науқастардың ауру тарихтары толық электронды түрде жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, 2018 жылы аудан аумағында елді мекендер тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында жалпы құны 150 млн. теңгеге Жаңаталап, Сарытөр медициналық тіректері күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілген. Ал Шарафкент, Көкбұлақ, Еңбекші ауылдарындағы медициналық тіректеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысандар 2019 жылдың сәуір айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды