Қазақстан Президенті "Нұр Отан" партиясының XVIII Съезінде қазақстандықтардың өмір сүру сапасын көтеруге арналған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы адамдар кабинеттен кабинетке жүгіріп жүрмес үшін арнайы көмектерді алу жұмыстарын қысқартуды тапсырды.
- Отбасылардың кіріс жиынтығын есептеу кезінде барлық жәрдемақыларды назарға алу қажет (көп балалы отбасылар, жалғызбасты аналар, мүгедектікке байланысты жәрдемақылар), әйтпесе әлеуметтік қызметтер олардың жиынтығын есептегенде, олар аз қамтылған емес, керісінше дүниелі адам болып шыға келеді. Биыл мекен-жайлық әлеуметтік көмектің нәтижесінде 830 мыңнан аса адам қамтылмақ, оның ішінде 550 мыңға жуығы балалар. Мүгедек балалардың жәрдемақысын 30%-ға өсіруді тапсырамын. Бағдарлама 100 мың адамды қамтиды. Жүзеге асыру үшін 2019-2021 жылдарға қосымша 300 млрд теңге бөлуді тапсырамын, - деді президент.
Назарбаев әкімдерге әрбір үйге кіріп, қолда бар қаражаттардың есебінен көмекті күшейтуді тапсырды.
– Салынып жатқан нысандарға емес соларға бөлу қажет, - деп мәлімдеді президент.
Әрбір отбасы көмекті сезінуі керек, деді мемлекет басшысы. Әсіресе көп балалылар. Қазіргі таңда 340 4 баладан астам отбасы бар. Жыл сайын 500 млрд теңгеден астам бөлініп отыр. Бұл отбасылардың әртүрлі табыс деңгейі бар. Табыс деңгейі әртүрлі отбасылар бар.
– Сондықтан мемлекет ең бірінші кезекте табысы аз көп балалы отбасыларға көңіл бөлуі қажет. Тұрмысы төмен отбасылар санатының критерийін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% дейін арттыруды тапсырамын. Атаулы әлеуметтік көмек үшін көпбалалы отбасылардағы әрбір балаға ең төменгі жәрдемақы ретінде шамамен 21 мың теңгеден бекітуді тапсырамын, - деді мемлекет басшысы.
Бюджет жұмысшыларына жалақыны көтеру қажет.
Бұл бағдарлама қазір 1 миллион азаматтық қызметшілерді қамып кетеді, оның ішінде денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы тағы басқа салалар да жұмыс жасайтындар бар. Ағымдағы жылдың 1-шілдесінен бастап жалақысы төмен әлеуметтік бюджеттік сала жұмысшыларының айлықтарын 30 пайызға көтеруді тапсырамын. (...) Біз оларды қолдауымыз қажет. Осы мақсатқа 2019-2021 жылдарға қосымша 980 миллиард теңге қаражат бөлінеді. Сонымен қатар ауылдардағы аудандық, облыстық деңгейде жұмыс жасайтын жалақасы төмен жұмысшылардың айлықтарын 25 пайызға көтеруді тапсырамын. "Бұл жерде орталық пен аймақтар арасында айтарлықтай үйлеспеушілік болып тұр", - деді Назарбаев.
Оның айтуынша, қазіргі таңда қазақстандық отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту шараларын арттыру маңызды. Деваливацияның өтуіне байланысты, біздің биржалық тауарларымыз ары-бері ойнап кетті, кіріс пен айлық айтарлықтай төмендеді.