Алматы облысында тиісті құжатсыз мал тасымалдағандар анықталды

1-trk.ru
Арнайы шара барысында 16 мал ұрлығы дерегі ашылған.

Алматы облысының полиция қызметкерлері тисті құжатсыз мал тасымалдауға қатысты 43 деректі анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары мал ұрлығының алдын алу мақсатында арнайы рейдтер жүргізіп, тиісті құжатсыз мал және ет өнімдерін тасымалдауға қатысты 43 дерек анықталған.

"Барлық автожолдарда патрульдік полицияның блок-посттары қойылды. Мал және ет өнімдерін тасымалдаумен айналысқан барлық автокөліктер тексерілуде. Осы уақыт ішінде 405 автокөлік тексеріліп, құжаттары заң талабына сәйкес келмейтін 43 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды", - деп атап өтті полиция өкілдері.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары мал сататын барлық базарларды, ет сату орындарын, шаруа қожалықтары мен қыстақтарды тексеруді жалғастыруда.

"Арнайы іс-шара кезінде бес күн ішінде 16 мал ұрлығы дерегі ашылды. Күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатысы бары анықталуда. Жыл басынан бері малдарын ұрлап кеткен тұрғындарға 35 миллион материалдық шығын өтелген", - деп атап өтті облыстық полиция өкілдері.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, бұған дейін жасалған бірқатар мал ұрлығы ашылған. Оның ішінде 2016 жылы Кеген ауданында орын алған ұрлықтың мән-жайы әшкере болып, зардап шегушілерге келтірілген материалдық шығын өтелді.

Айта кетейік, облыстық полицейлер жыл басынан бері 110 мал ұрлығын әшкерелеп, ұрылардың жетегінде кеткен 200-ге жуық малды заңды иелеріне қайтарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды