Қазақстан Қытайдан 2 млрд юань қарыз алады. Өткізу бекеттерін кеңейту үшін

Сурет: zakon.kz
Бұл шара ЕАЭО-ның қазақстандық сыртқы шекараларындағы өткізу бекеттерінің кедендік инфрақұрылымын дамыту үшін қажет.

Парламент мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар "ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы жеңілдетілген несие ұсыну жөніндегі Шекті келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов атап өткендей, мемлекет басшысы Қазақстан экономикасын дамытудағы басым бағыттардың бірі жаңа Еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту деген болатын. Соған байланысты жүк транзитінің еркіндігін қамтамасыз етіп, көлік дәліздерін құрып, оны дамыту қажет.

– Осы мақсатта ЕАЭО-ның қазақстандық сыртқы шекараларындағы өткізу бекеттерінің кедендік инфрақұрылымын дамыту керек. Қазіргі инфрақұрылым күн санап өсіп келе жатқан жүк легін жедел өткізуге толық мүмкіндік бермей отыр. Оның мысалы, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында қалыптасқан жағдай. Қазақстан жағындағы өткізу бекетінде күніне 70-тен 300-ге дейін автокөлік жиналып қалады, тасымалдаушылар кезекте 3 тәулік бойы тұруға мәжбүр, – деді ол.

Аталған Тұжырымға сай, қазақстандық өткізу бекеттерінде көлік құралдарының тоқтамай өтуін қамтамасыз ететін Бірыңғай автоматтандырылған дәліздер құрылады.

Бұл келісімге 2018 жылдың маусымында мемлекет басшысының Пекин сапары барысында қол қойылған болатын.

Қытайдың қарызы аясында автокөлік жолдарындағы 9 бекет және теміржолдағы 1 бекет жаңартылып, техникалық жағынан толықтырылады.

Жобаны жүзеге асыру биылғы жылдың соңында басталып, 2022 жылы аяқталады.

- Кредит юань бағамына байланған және жылына 2%-ды құрайды. Несиені қайтару мерзімі 20 жыл, алғашқы бес жылда тек пайыздарын төлейміз, 6-шы жылдан бастап соңғы 20-сыншы жылға қарыздың негізгі сомасын қайтарамыз, – деп түсіндірді министр.

Несие сомасы 2 млрд юань (112 млрд теңгеден астам) делінеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр