Үшінші алтын! Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ӘЧ сәтті өтуде

видеодан кадр
Серпуде 134 келіні, жұлқа көтеруде 175 келіні бағындырған оның жалпы қорытындысы 309 келіні құрады.

Бұл күндері Лас-Вегаста өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 81 келіге дейінгі дәрежеде Қазақстанның атынан сахнаға Есенгелді Сәпи шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының баспкерлері осы жас атлетке үлкен үміт артқан болатын, спортшы үмітті ақтады.

Қоссайыс қорытындысы бойынша 17 жастағы Есенгелді 300-ден астам ұпай алды. Серпуде 134 келіні, жұлқа көтеруде 175 келіні бағындырған оның жалпы қорытындысы 309 келіні құрады. Қоссайыстан бөлек, ол екі жаттығу қорытындысы бойынша да бірінші болды.

Қазақстанның қоржынына алғашқы медальді Алматы облысының 16 жастағы өкілі Сайрамкез Ақмолда 61 келіге дейінгі дәрежеде әперген болатын. 67 келіге дейінгі дәрежеде Сайхан Тайсуев екінші алтынға қол жеткізген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады