Секске көнетін әйелдерді бостандыққа шығаратын полицей ұсталды

Department of Justice
Өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр.

АҚШ-тың Огайо штатында полиция қызметкері өзімен жыныстық қатынасқа түсетін әйелдерді бостандыққа шығарған, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Тергеушілердің дерегінше, 55 жастағы офицер Эндрю Митчелл екі әйелді қамауға алып, оларды босатар алдында екеуін де жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген.

Қазір оған қарсы бірнеше айып тағылды.

Тергеу барысында анықталғандай, Митчелл жезөкшелермен ешқашан жыныстық қатынасқа түспедім, деп ФБР агенттеріне өтірік айтыпты. Ал ФБР оның жезөкшелерге жиі баратынан анықтаған.

Тағы анықталғандай, күдікті бірде өзіне пышақ ала жүгірген әйелді атып тастаған. Қаза тапқан 23 жастағы әйел нашақор болып, жезөкшелікпен айналысқанға ұқсайды. Оның екі қызы қалды.

Митчелдің адвокаты мәлімдегендей, күдікті өзіне таңылған айыптармен келіспейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі