Тоқаев бірқатар маңызды тағайындаулар жасады

Ақорда
ҚР Ұлттық банкі төрағаларының орынбасарлары ауысты.

28 наурыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымдардан босату туралы бірқатар бұйрықтарға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Берік Ноғайұлы Асылов ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары қызметіне;

Есжан Амантайұлы Біртанов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне;

Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне;

Нұрлан Шәдибекұлы Алдабергенов ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.​​​​​​

Бұдан өзге, Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Бостанұлы Құрманов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Арман Дайырұлы Жұмабеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді