Қазақстан үш айдың ішінде 7,5 тоннадан астам ет экспорттаған

Agronews.by
Экспорттаудан көш бастап тұрған аймақтар: Түркістан облысы (5 мың тонна), Ақтөбе және Алматы облыстары (4 тоннандан).

Қазақстан 2019 жылы үш айдың ішінде 7,5 тоннадан астам ет экспорттаған. Бұл туралы "Агроөнеркәсіп кешені өнімдері экспортының 2018 жыл қорытындысы бойынша өңірлік ерекшеліктері туралы" баспасөз конференциясында ҚР Ауыл-шаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, жалпы алғанда Қазақстаннан әлемнің 11 еліне 33 мың тонна ет экспортталған. Негізінен сиыр еті – 19,9 мың тонна. Экспорттаудан көш бастап тұрған аймақтар: Түркістан облысы (5 мың тонна), Ақтөбе және Алматы облыстары (4 тоннандан).

- Жалпы алғанда бізде аймақтар бойынша қазақстандық 20 кәсіпорын - экспорт бойынша көш бастап тұр. Бұл кәсіпорындар жалпы саны 19 мың фермалық шаруашылықты құрайтын қауымдастықтармен тікелей жұмыс істейді. Биыл 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында 7,7 мың тонна ет экспортталған, оның 4,4 мың тоннасы сиыр еті, - деді ол.

Сонымен қатар Исаева, Қазақстан соңғы үш айда 3,4 млн тонна егін шаруашылығы өнімдерін экспорттағаны жайлы да айтып өтті.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды