Дүйсенбі күні еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа-райы жауын-шашынды болмақ

leninogorsk-rt.ru
Найзағай болып, бұршақ жаууы ықтимал.

Синоптиктер 8 сәуір күні болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, республиканың батыс және оңтүстігінде жаңбыр жауады. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте найзағай болып, бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, түнде Алматы, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің 15-23 м/с күшеюі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейіп, шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің 16 м/с күшеюі мүмкін.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз найзағай, бұршақ жаууы ықтимал.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды