Ләззат Танысбай "Qazaqstan" РТРК" АҚ-ның жаңа басшысы болды

facebook.com
Л.Танысбай корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін – Абаев.

Белгілі тележурналист Ләззат Танысбай "Qazaqstan" РТРК" АҚ-ның жаңа басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

"Қымбатты достар!

Бүгін "Qazaqstan" РТРК" АҚ ұжымына жаңа басшы – Ләззат Танысбайды таныстырдым.

Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер.

Л. Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін.

Ал, бұған дейін төрағалық қызметті абыройлы атқарған Ерлан Тынымбайұлы Қаринге алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тілеймін!" – делінеді министрдің постында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты