Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстік аймақттарында жаңбыр жауады

pxhere.com
Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Синоптиктер 10 сәуірде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шыгысында жаңбыр, кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерінде тұман сақталады, оңтүстіктің кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі, найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысында түнде және таңертең, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде – тұман түседі.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады