Синоптиктер 17 сәуір күні Қазақстан аумағында болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынды болмақ, тек батыс, солтүстікте жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, найзағай, көктайғақ, желдің екпіні күшейіп, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с болып, таңертең және күндіз оның екпіні 23-28 м/с артуы мүмкін, оңтүстік-батыста желдің күші 30 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал.
Қызылорда облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел болып, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді, кей аймқтарда көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, 15-20 жел соғып, түнде оның екпіні 23 м/с артуы мүмкін.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел соғып, таңертең және күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 25 м/с күшейеді.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с артады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с артуы ықтимал.
Батыс Қазақстан, күндіз Алматы, түнде Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.