Президент сайлауына алғашқы кандидат құжат тапсырды

baq.kz
"Ұлы Дала Қырандары" республикалық қозғалысы Сәдібек Түгелдің кандидатурасын ұсынды.

22 сәуірде ҚР Орталық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 55 бабына сәйкес, Сәдібек Түгелдің құжаттары ұсынылды. "Ұлы Дала Қырандары" республикалық қозғалысы Сәдібек Түгелдің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz ОСК ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес 2019 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде С.Түгелдің мынадай құжаттары ұсынылды:

1. "Ұлы дала қырандары" Республикалық қоғамдық бірлестігі жоғары органның Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынаың үзіндісі;

2. Түгел Сәдібектің Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiші;

3. Өмірбаяндық мәліметтері;

4. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжатты;

5. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жоғарғы білім туралы дипломдарының көшірмелері;

7. Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжат ұсынылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды