Назарбаев қазақстандықтарды алда келе жатқан сайлауға белсене қатысуға шақырды

Уақыт бағынбайды, ол бір орнында тұрмайды. Барлығы өзгеріп жатыр, біз де өзгеруіміз қажет.

Нұрсұлтан Назарбаев Халықтар ассамблеясының XXVII съезінің барысында қазақстандықтарды бірлігімізді көрсетіп, алда келе жатқан сайлауға белсене қатысуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол наурыз айында өзінің президенттік өкілеттігін тоқтату жайлы шешім қабылдағанын еске салып өтті.

- Менің бұл қадамымды әлемнің көптеген мемлекеттерінің көшбасшылары түсініп, қолдады. Мен осыған байланысты елде біраз өкініштің болғанын, дабылдың да орын алғанын білемін. Біз уақыттың бағынбайтынын, оның бір орнында тұрмайтынын білеміз. Барлығы өзгеріп жатыр, біз де өзгеруіміз қажет. Мен көп ойлан келе осы шешімге келдім және сіздердің де бұл жайлы күмандарыңыздың болмағанын қалаймын, - деді ол.

Ол президент сайлауының 9 маусым күні өтетінін тағы еске салып өтті. Ал Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған болатын.

- Сіздер оны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік дана қайраткер, Қазақстанның нағыз патриоты, қазіргі таңда мемлекетті басқаруға тұрарлық тұлға. Барлық қазақстандықтарды және сіздерді, ассамблея мүшелерін, алда келе жатқан сайлауға белсене қатысуға және біздің бірлігімізді көрсетулеріңізді сұраймын, - деді Тұңғыш Президент.

Елбасы сөзінде өзінің 30 жыл бойы мемлекет басшысы болғанына назар аудартты. Және отставкаға кетуі – мемлекеттің одан әрі дамуы және биліктің тыныш ауысуы үшін қабылданған шешім екені айтылды.

- Мен бұл дұрыс қабылданған шешім болды деп ойлаймын. Сіздердің ода ешқандай күмандарыңыздың болмағанын қалаймын. Осы жылдар бойы маған қолдау білдіріп келген ҚХА мүшелеріне алғысымды білдіремін,- деп сөзін түйіндеді Назарбаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: