ОСК Дания Еспаеваны Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде тіркеді

ОСК хабарлауынша, Дания Еспаева 140 мың қол жинап, барлық қажетті құжаттарды өткізген.

"Ақ жол" партиясының атынан түскен кандидат Дания Еспаева Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде тіркелді. Бұл туралы отырыста ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина хабарлады, деп жазады Zakon.kz тілшісі.

- Орталық сайлау комиссиясы Дания Еспаеваны "Ақ жол" партиясының атынан кандидат ретінде тіркеуге алу туралы қаулы шығарды. Дания Мәдиқызы Еспаева президенттікке кандидат болуға қажетті құжаттардың барлығын өткізді. Оның қолдауға Қазақстанның барлық 17 өңірінен 144 098 азаматтың қолы жиналды, олардың 139 541-і дұрыс деп танылды, - деді Баймолдина.

ОСК отырысының барысында жоба қаулысымен - президенттікке кандидат ретінде тіркелген Дания Еспаеваға тиісті куәліктің берілуін және арнайы сәйкестік есепшот ашу үшін "Қазақстан жинақ банк" АҚ кандидатты тіркеу туралы сәйкес мәліметтерді ұсыну тапсырылды.

- Бұл мен үшін өте маңызды, толғанысты және жауапкершілікті сәт болды. Себебі, мен тек "Ақ жол" партиясының өкілі ретінде ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның барлық әйелдер қауымынның атынан шығып отырмын. Президенттікке үміткер ретінде ең алғышқы әйел адам болу - бұл маған, әйел үшін, ана және әже ретінде өте көп жауапкершілік артып отыр. Біз мұндай сайлауға бірінші рет қатысып отырмағандықтан әрі барлық филиалдар бірнеше күннен бері қол жинау үшін жұмыс жасағандықтан, қол жинау партия үшін аса қиын болмаған болуы да мүмкін, - деді Дания Еспаева брифинг барысында.

Бұдан алдын ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Сәдібек Түгелге және кәсіподақтар федерациясының өкілі Амангелді Таспиховқа кандидат куәлігін тапсырған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: