Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді

Ж. Құспанова
Халық қалаулылары назарына атқарушылық іс жүргізу мәселелеріне қатысты түзетулерді бірінші оқылымда қарау ұсынылмақ.

Бүгін, 17 мамыр, Палата Спикері Н. Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Ол бойынша халық қалаулылары назарына атқарушылық іс жүргізу мәселелеріне қатысты түзетулерді бірінші оқылымда қарау ұсынылмақ, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген заң жобасы "Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам" Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында әзірленген.

Құжат атқарушылық іс жүргізу тиімділігін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге, атқарушылық құжаттар тізбесіне "Астана" халықаралық қаржы орталығы" сот актілерін енгізуге басқа да осы саладағы маңызды сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, осы күні қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда қаралады деп күтілуде. Заң жобасының мақсаты қаржы нарығын реттеушілік, бақылау және қадағалау, функцияларын бөлу, тұтынушылық кредиттеу тәуекелдерін шектеу бойынша тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеуге бағытталмақ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды