"Астана экономикалық форумы" аясында Маңғыстау облысы "Астана халықаралық қаржы орталығымен" бірігіп, "Global Silk Road Mangystau invest 2019" халықаралық форумын өткізді.
Нәтижесінде Маңғыстау облысы алғаш болып өзге облыстардың ішінен "Астана халықаралық қаржы орталығымен" меморандумға қол қойды. Осылайша облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов жаңа меморандум аясында жан-жақты келісімге келді. Бұдан былай Маңғыстау өңірі инвесторлармен халықаралық құқық қағидаттары бойынша жұмыс істейтін болады. Басты мақсат АХҚО қатысушыларын Маңғыстау облысының экономикасына инвестиция құюға шақыру арқылы аймақтың экономикалық әлеуетін арттыру. Бүгінгі форумның нәтижесінде кәсіпкерлермен Маңғыстау облысында құны 230 млн АҚШ долларын құрайтын екі инвестициялық жобаны іске асыру бойынша келісімге келді.
Өңірлерге инвестиция тартудың жаңа моделі ретінде биыл "Астана экономикалық форумының" аясында "өңір қонақ" жаңа жүйесі енгізіліп, оған алғаш болып Маңғыстау облысы таңдалды. Бұл жүйенің басты мақсаты өңірге әлемдік деңгейдегі жаңа инвесторлар мен қаржы ұйымдарын жұмылдыру.
"Астана" Халықаралық қаржы орталығында өткен форумда облыс әкімі Маңғыстау өңірінің инвестициялық әлеуетімен таныстырды.
Атап айтқанда, аймаққа Түркия, Ресей, Қытай, Италия, АҚШ, Германия және басқа елдерден келген ірі шетелдік инвесторлар келді.
Forbes Global 2000 тізімінде тұрған CNPC, Shlumberger, Halliburton, OMV Petrom, Total, Saipem, Tenaris, Arcelor Mittal, Heidelberg Cement секілді компаниялардың қатысуымен түрлі салаларда бірнеше жобалар ойдағыдай іске асырылды.
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысының 2019-2025 жылдарға бағытталған, 2,4 трлн. теңге құрайтын 44 инвестициялық жобасы белгіленді.
Олардың ішінде, шет мемлекеттердің қатысуымен 2,2 триллион тенге құрайтын 18 жобаны іске асыру жоспарланған.
2019 жылы облыста 66,7 млрд. теңгені құрайтын 22 жобаны, оның ішінде, құны 38,4 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны шетелдіктердің қатысумен іске қосу жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тапсырмасына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі "ЦОП"Мангистау" ЖШС базасында инвесторларға бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсетуге арналған "Фронт офис" жұмыс істейді.
- Фронт офистің басты мақсаты инвесторларды барлық үкіметтік және басқа ұйымдармен байланысты жұмыстарын арттыру.Мұнда әлеуетті инвестор Маңғыстау облысындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың ықтимал нысандары туралы және өздеріңе қажетті барлық ақпараттарды алады. Бүгінгі күні облыс әкімдіғі инвестициялық саясатты жүзеге асыру мақсатында, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар арасындағы өзара әрекеттесу ережелерін дайындап берді. Ережеде фронт офисінің бүкіл жұмысы қарастырылған, - деді Е.Тоғжанов.
Сонымен қатар, алдағы 5 жылда облысты дамытудың басым бағыттары - туризм, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика салаларында 6 инвестициялық құрылым бар. Әр саланың инвестициялық тартымдылығы орыс, ағылшын, түрік, парсы, қытай тілдеріне аударылып жазба түрде ұсынылады.
Бұдан басқа, шетелдік инвесторлардың қатысуымен, көп функционалды логистикалық орталықтың, тұзсыздандыру зауытының, каустикалық сода мен тұз қышқылын шығаратын зауыттың, су тұшыту қондырғысының құрылысы сияқты перспективалық жобалар жүзеге асырылуда.
Ыңғайлы географиялық орналасуы, бай тарихи мұралары мен көрнектері, теңізге шығудың қол жетімділігі, сондай-ақ негізгі туристік ағындарды тудыратын елдерге жақын болу туризмді дамытуға мүмкіндік береді.
Маңғыстауда туризмді дамыту үшін, 63 шақырымға созылған теніз жағалауында инженерлік инфрақұрылымды жасау жұмыстарын бастап кетті.
- Өңірдін климаттық жағдайы аймаққа электр қуатының қосымша көзі үшін, күн және жел электр станцияларын салуға мүмкіндік береді. Аймақтағы шуақты күндерінің ұзақтығы жылына 300 күн болып табылады. Бұл елдегі ең жақсы көрсеткіш, желдің жылдамдығы - 8,43 метр секунд. Сондықтан басқа маңызды сектор - баламалы энергия көздерін дамыту. Бұл келешекте электр энергиясын өндірудің барлық дәстүрлі әдістерін тоқтата алатын ең перспективалы ресурстардың бірі. Бүгінгі таңда аймақта қуаты 90 МВт жел электр станциясы салынып жатыр, - деді облыс әкімі.
Сөзінің соңында Ералы Тоғжанов инвесторларға, Маңғыстау облысы бизнесті қолдайтынын және "ашық есіктер" принципімен жұмыс істейтінін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізді.