Алматыда сайлау күні ірі базарлар жабық болады

doma.kuplu.kz
Алматының бизнесмендері дауыс берудің жоғары мәдениетін көрсетті.

9 маусымды демалыс күні ету бастамасын тағы бес базардың басшылығы құптады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайлау күні жабық тұратын базарлар – "Ақ бұлақ", "Түрксіб", "Арлан", "Керуен", барахолка құрамындағы "Қазына", "Юпитер", "Рахат-2", "Сәлем" және "Кенжехан"

"Юпитер" сауда үйінің директоры Евгений Игумновтың айтуынша, оның кәсіпорны 2000 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Реконструкциядан кейін базары сауда үйіне айналып, қазір онда 106 сауда орны бар, 150-дей адам жұмыс істейді.

"Кенжехан-2" базарының директоры Рахметжан Сейітов өз базарына жұмыс күндері күніне 3-4 мың адам, демалыс күндері 5-6 мың адам келетінін айтады. Оның базарында 1300-ден астам адам жұмыс істейді.

"Сәлем" базарының директоры Бауыржан Мәметовтің айтуынша, оның базарында 380 жұмыс орны құрылған. Ал "Қазына" базарында 400-дей адам жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған