Нұр-Сұлтанда Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өткелі жатыр

Мәжілістің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі – инаугурация – Президент қызметіне ресми кірісу рәсімі.

ҚР қайта сайланып алған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі бүгін, 12 маусымда Тәуелсіздік сарайында өтпек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Онда мемлекет басшысы оң қолын ҚР Конституциясына қойып тұрып, ел халқына ант береді. Одан соң орталық сайлау комиссиясының төрағасы оған ҚР Президенті деген куәлік береді.

Инаугурация аясында парад өтіп, салют атылады деп күтілуде.

Соңғы сайлаудың ресми дерегі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев халық дауысының 70,96 пайызына ие болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Алматыда полицейлер көлікпен электросамокат мінген жасөспірімдердің ізіне түсті