Рейтинг құртады. ҰБТ бойынша "мектеп жарыстыру" болмасын

zakon.kz
Білім деңгейін тек бір ғана тетік арқылы бағалау әділетсіз. Бұл жерде кешенді көзқарас қажет.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ нәтижелер і бойынша мектеп рейтингтері мәселесіне тоқталды: "Ондай рейтинг керек емес. Ол шынайы емес, мектеп дайындығының шын деңгейін көрсетпейді", деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Мен бүгін үкімет отырысында сөз сөйледім, облыстар мен қала әкімдерінен ҰБТ қорытындысы бойынша рейтинг жүргізбеуін сұрадым. Біздің ойымызша, ондай рейтинг керек емес. Екіншіден, ол мектеп дайындығының деңгейін шынайы көрсетпейді, - деді министр үкіметтегі баспасөз жиынында.

Бұрын ҰБТ-ның екі функциясы болатын – қорытынды аттестациялау және жоғарғы оқу орнына оқуға түсудің жолы ретінде жүретін. Ал қазір ҰБТ-ға тек ЖОО-ға оқуға түскісі келетіндер ғана өз еркімен қатысады.

- Сондықтан оқушылардың жоғары оқу орындарына түсуі нәтижелері бойынша рейтингтер жүргізіп, мектептерді бағалаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Мектеп оқушыларының үлгерімін сырттай бақылайтын басқа да тетіктер бар. Жалпы, мектептердегі рейтинг ұғымы – өте күрделі үрдіс. Білім деңгейін тек бір ғана тетік арқылы бағалау әділетсіз. Бұл жерде кешенді көзқарас қажет, - деп санайды БҒМ басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді