Ең шатақ мінезді спортшылар рейтингі шықты

Football.ru
Бұл тізімге спортшылар ғана, емес бапкерлер де енген екен.

ESPN басылымы Head in the Game подкастын тыңдаушылар арасында спорт тарихындағы ең бұзық адамдар кім деген сауалнама жүргізіп, рейтинг жасады, деп хабарлайды vesti.kz.

Тізімнің басында "Барселона" мен Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес тұр. Бұл жігіт талай рет қарсыластарын тістеп алғанымен танымал. Екінші орында даулы футболшы Джоуи Бартон, үшінші орын ауыр салмақтағы аңыз боксшы Майк Тайсонға бұйырыпты.

Спорттағы зұлымдардың үздік ондығы мынадай болып шыққан:

1. Луис Суарес (футбол)

2. Джои Бартон (футбол)

3. Майк Тайсон (бокс)

4. Жозе Моуринью (футбол, бапкер)

5. Диего Коста (футбол)

6. Флойд Мейвезер (бокс)

7. Серхио Рамос (футбол)

8. Дэвид Уорнен (крикет)

9. Диего Марадона (бұрынғы футболшы, бапкер)

10. Рой Кин (бұрынғы футболшы, бапкер)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді