Президент сайлауы Конституция талаптарына сай өтті – Мәми

parlam.kz
Конституциялық кеңес басшысы биліктің тыныш, шиеленіссіз жағдайда ауысқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы өкілеттігінің ауысуы мен Қазақстан Президентінің сайлауы Конституция талаптарына сай өтті, деді Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми Парламент палаталарының бірлескен отырысында, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Сайлау қағидасымен жалпыхалықтың тануы жағдайында жоғарғы билік ауысуының басты үрдісі орын алды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында өз еркімен отставкаға кеткенін мәлімдеп, мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатты. Оның өкілеті Парламент Сенатының төрағасына берілді. Өткізілген жалпыхалықтық кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланды. Мемлекет басшысы өкілеттігінің ауысуы мен Қазақстан Президентінің сайлауы Конституция талаптарына сай өтті. Билік тыныш, шиеленіссіз жағдайда ауысты. Бұл ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету мен Қазақстанның халықаралық беделінің жоғары деңгейден танылуы үшін маңызды фактор, – деді Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді