Арыстағы апаттан 23 адам жараланды

Pexels
30 жедел жәрдем көліктері Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды.

Арыста орын алған апаттан 23 адам әртүрлі дене жарақаттармен Түркістан облысына қарасты ауруханаларға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың басым бөлігі Облыстық клиникалық ауруханада жатыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Арыстағы төтенше жағдайға орай Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200-ден астам науқасқа арналған орын дайындалды.

30 жедел жәрдем көліктері Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды. Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын.

Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды.

Қазіргі кезде жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуация жасалды. Мамандар да жедел жәрдем көліктері де облыс бойынша жеткілікті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты