Сағынтаев әлеуметтік желілерде аккаунттар ашты

ktk.kz
28 шілдеде Мемлекет басшысының жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болып тағайындалды.

Әкімдіктің қоғаммен байланыс қызметі Алматы әкім Бақытжан Сағынтаевтың Instagram, Facebook және Twitter бойынша әлеуметтік желілерге тіркелгенін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақытжан Сағынтаев қалалықтарға арнаған видеоүндеуінде қала тұрғындары алдында Алматы әкімі ретіндегі өзінің жауапкершілігін толық сезінетінін атап өтті.

"Алматы әрқайсымыздың жүрегімізден ерекше орын алған қала, Алматыға деген әр қазақстандықтың ықыласы ерекше. Менің басты мақсатым – Алматының әр тұрғыны берекелі өмір сүретін, қауіпсіз де қолайлы, заманға сай мегаполиске айналдыру. Біз оған тек бірге, тізе қосып еңбек ету арқылы жете аламыз. Сондықтан Сіздердің талап-тілектеріңізді біліп, уақытылы жауап беру мен үшін өте маңызды. Қаланың проблемалары мен даму стратегиясын Сіздермее бірге ашық талқылағым келеді. Барлығымыздың тағдырымызбен байланысты маңызды шешімдерді әзірлеп, қабылдау кезінде сіздердің қолдауларыңыз мен үшін маңызды. Ақылдаса отырып, бірге жұмыс істейік!" - деді мегаполис әкімі.

Еске салсақ, 28 шілдеде Мемлекет басшысының жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болып тағайындалды.

Сілтемелер:

https://www.instagram.com/p/BzW7mfyhVUJ/

https://www.facebook.com/watch/?v=373862916599907

https://twitter.com/sagintayev_b/status/1145524862175367168

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды