Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жер теліміне қатысты құйтырқы әрекетке барған алаяқтарды заң бойынша жауапқа тартуға уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Айнабұлақ-2, №85 және 85А үйінің тұрғындары менен көмек сұрады. Оның шешім бар. Біріншіден, міндеттерін адал атқарған құрылыс салушы мен тұрғындарға ешбір артық сұрақ туындап тұрған жоқ.
Екіншіден, жермен құйтырқы әрекетке барған алаяқтарды заң бойынша жауапқа тартамыз.
Үшіншіден, қалалық КҚК-на тапсырма бердім", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетсек, кеше Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігіне үлкен жол орамасы құрылысы бойында орналасқандықтан сүрілген үйлердің иелері баса-көктеп кіріп, шу шығарған. Атап айтқанда, Сейфуллин мен Жансүгіров көшелері бойында сүрілген үйлердің иелері әлі мемлекет уәде еткен өтемақыны ала алмай жүр. Олардың барлығының қолында 2017 жылдың қысында шыққан сот шешімі де бар. Сол секілді ол маңда әлі сүрілмеген, бірақ сүруге жататын үйлер де бар. Оның кейбірі заңсыз салынғаны белгілі болды.