Депутаттар демалысқа шықты

24 kz
Алдында Парламенттің төртінші сессиясы 2019 жылғы 5 шілдеге дейін ұзартылған болатын.

Бүгін Парламентте қос палатаның бірлескен отырысында алтыншы шақырылған Парламенттің IV сессиясы қортындыланды, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Қабылданған әрбір заң, ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық және әлеуметтік бастамаларын орындауға бағытталады. Әр заң қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, еліміздің дамуына серпін береді. Ең бастысы, мұнда қабылданған әрбір заң барлық азамттарымызды қолдап, қорғауға шақырады. Мұның бәрі қос палатаның талмас қажырлы еңбегінің арқасы», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин өзінің қорытынды сөзінде.

Айта кетсек, Парламенттің IV сессиясында қос палатаның 5 бірлескен отырысы, Мәжілістің 41 және Сенаттың 26 жалпы отырысы өтті. Онда 319 маңызды мәселе қаралып, 83 заң жобасы қабылданды. Оның ішінде 82 құжатқа Мемлекет басшысы қол қойып, олар өз күшіне енген.

Сондай-ақ биыл Парламенттің төртінші сессиясы 2019 жылғы 5 шілдеге дейін ұзартылған болатын. Оған 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға аяқ-асты өзгерістерді енгізу себеп болды. Осыған байланысты Парламент сессиясының жұмыс мерзімі ұзартылған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды