Министр Арыста мерт болған әскерилердің отбасына қандай өтемақы бөлінетінін айтты

24 kz
Сонымен бірге, марқұмды жерлеу, ескерткіш тұрғызу, мәйітті жерлеу орнына жеткізу шығындары көтеріледі. Өзге азаматтардың ерікті аударымдарына рұқсат беріледі.

ҚР Қорғаныс миинстрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы жарылыста мерт болған әскерилердің отбасына төленетін өтемақы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қызметтік міндетін атқаруда мерт болған әскерилердің отбасында бірқатар төлемдер қарастырылған. Мәселен, лауазымына байланысты 5 жылдық еңбекақы көлемінде бір реттік төлем, жеке баспана алу үшін бір реттік төлемді айтуға болады. Өтемақы көлемі әскери қызметші жұмыс істеген өңір мен отбасы мүшелерінің санына байланысты беріледі", - деді Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, марқұмды жерлеу, ескерткіш тұрғызу, мәйітті жерлеу орнына жеткізу шығындары көтеріледі. Өзге азаматтардың ерікті аударымдарына рұқсат беріледі.

"Біздің тәжірибеміз бойынша, қаза тапқан әскерилердің балаларын жергілікті әскери органдар бейресми қамқорлыққа алады. Олардың оқуында, жұмысқа орналасуында немесе өзге де мәселелерде көмектесуге тырысамыз", - деді министр.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тапты - Арыс тұрғыны мен екі әскери қызметші. 170-ке жуық адам зардап шекті. 20-ға жуық үй, 9 қора-қопсы жанып, далалы аумақта 14 ошақ тұтанды. Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90 пайызына әртүрлі деңгейде зақым келді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды