Немістер Ресейдің соғыс ашқалы жатқанын болжап, дабыл қақты

Die Welt
Ресейдің аяқ-асты шабуыл жасау нүктелері ретінде Қара теңіз өңірі, Балтық жағалауы елдері, Польша және Украинаның аты аталады.

Ресей "тыйым салынған" зымырандармен қаруланып, Еуропадағы аймақтық соғысқа дайындалып, НАТО-ның дегбірін қашыруда, деп хабарлайды РИА Новости "Die Welt" газетінде жарық көрген мақалаға сілтеме жасап.

Бұл мақала Бундесвердің отставкадағы генерал-лейтенанты, НАТО Бас хатшысының бұрынғы орынбасары Генрих Браустың және Киль университетінің қауіпсіздік саясаты институтының директоры Йоахим Краузенің баяндамасы жарияланған екен.

Крауз Батыс климаттағы өзгеріс және көші-қон дағдарысымен қара басы шақшадай боп жатқанда, мына жақта Ресей ешқандай себеп-салдарсыз Еуропадағы аймақтық соғысқа дайындалып, ядролық қаруын жалаңдатып, күшейіп жатқанын айтады.

Ал Браустың айтуынша, Ресей қасақана Батыс елдерімен шиеленісіп, әлемдік тәртіпті бұзып, НАТО-ның біртұтастығын шайқауға ұмтылады.

Дегенмен, экс-әскеридің айтуынша, Ресей НАТО-мен бетпе-бет келіп, жеңіске жете алмайтынын жақсы біледі, сондықтан олар күтпеген жерден соққы жасауы ықтимал. Соның ішінде ядролық соққыны. Мұндай жағдайда, Браустың айтуынша, еуропалық елдер таңдау жасауға мәжбүр болады: кең ауқымды соғыс па, әлде Мәскеуге қолайлы жағдайды ма?

Ресейдің аяқ-асты шабуыл жасау нүктелері ретінде Қара теңіз өңірі, Балтық жағалауы елдері, Польша және Украинаның аты аталады.

Немістің екі әскери басшысы, мұндай жағдайда географиялық жағдайына байланысты Германияның маңызды рөл атқаратынын мәлімдеп, сондықтан олар НАТО аясындағы әскери міндеттерін орындау үшін Бундесверді әскери шабуылға дайын болуға шақырған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды