Алматы зообағының басшылары жазаланды

Әлеуметтік желіде зообақтың мақтанышы әрі ардагері Алькор есімді ақ аю да хал үстінде, деген хабар тараған еді. Бірақ хайуанаттар бағының басшысы оны жоққа шығарды.

Алматы зообағындағы экзотикалық жан-жануарлардың өлімі үшін директордың орынбасары мен бас мал дәрігеріне қатаң сөгіс жарияланды. Жаңа басшылық қайтадан тергеу амалдарын жүргізуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Хабар24.

Қазір құрамында тәуелсіз сарапшылар бар арнайы комиссия құрылып, керік пен арыстан күшіктерінің өлімін зерттейді. Жабайы мысықтарды зообаққа ауруы асқынған күйінде жекелеген адамдар өткізген. Ал, керік алдын-ала болжам бойынша бүйрек ауруынан өлген дейді. Әлеуметтік желіде зообақтың мақтанышы әрі ардагері Алькор есімді ақ аю да хал үстінде, деген хабар тараған еді. Бірақ хайуанаттар бағының басшысы оны жоққа шығарды.

Вячеслав Банщиков, зообақ директоры:

- Біздің ту сыртымызда Алькордың вольері орналасқан. Біздің Алькор 29 жасқа толды. Адам жасымен есептесек бұл 90 жасқа парапар. Қазір оның жағдай жақсы. Ары-бері сүңгіп, қонжықтай ойнап сергек жүр. Таңертең қоғамдық ұйым мүшелерін шақырып көрсеттік. Олар суретке, видеоға түсіріп алды. Оның жалған ақпарат екенін айттық. Әлеуметтік желіде кейбір адамдар зообақтағы жағдай өте нашар деп әдейі даурықтырып отыратын секілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: