Ерлан Нысанбаев Экология вице-министрі болып тағайындалды

Баспасөз қызметі
Ол 2014 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін — ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Нұрәлиұлы Нысанбаев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1983 жылы орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы орман шаруашылығы шебері болып бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген.

2009–2013 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы лауазымын атқарған.

2013 жылғы ақпанда ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып тағайындалған, 2014 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін — ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі