Кетем дейді. "Астананың" мықтысы Марин Томасовқа Түркиядан ұсыныс келді

Mateo Sučić
"Астана" жартылай қорғаушысы Марин Томасов карьерасын Түркияда жалғастыруы мүмкін.

Sportske jutarnji басылымы хабарлағандай, 31 жастағы хорват Түркияның ірі клубтарының бірінен ұсыныс алып, енді кәдімгідей ойланып қалды. Футболшының трансфері тамыздың соңына дейін рәсімделуі мүмкін.

Ал Yeniakit.com.tr басылымы таратқан мәліметке сай, Марин Томасовқа былтыр Түркия Суперлигасында 14-ші орын алған түріктің "Касымпаша" клубы ұсыныспен шығып отыр. Ұсыныстың қаржылық жағы жария етілген жоқ.

Томасов "Астанада" 2017 жылдан бері ойнап келеді, оның клубпен келісімшарты 2019 жылдың желтоқсанына дейін жасалған болатын.

Бұған дейін "Астананың" тағы бір көшбасшысы ойыншысы – қорғаушы Марин Аничич "Коньяспормен" екі жылдық келісімшарт жасасып, Түркияға кетіп қалған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі