Тоқаев туфли алған дүкенге қазақстандықтар лап қойды

иллюстрация
Дүкендердегі сатылым 3 есеге, интернет арқылы сауда 5 есеге ұлғайды.

Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бір фирманың аяқ-киімін сатып алғанын желіде жазған еді. Президенттің осындай жарнамасынан соң алматылық аяқ киім фабрикасының дәурені жүріп, тапсырыстар үйіліп түсе бастапты, деп хабарлайды Хабар 24.

Аяқ-киім фабрикасының қожайыны Дәурен Раманқұл, бұл әрине Президенттің арқасында екенін айтады.

"Нақты айтатын болсақ, дүкендердегі сатылым 3 есеге, интернет арқылы сауда 5 есеге ұлғайды. Аяқ-астынан жұмысымыз көбейіп, мәзбіз. Мұндай күрт өсімнің неден болғанын болжап айта алмаймыз, бірақ біздің аяқ-киімімізді Президент сатып алды, содан соң да ағылуда шығар. Ол кісіге алғысым шексіз", - дейді кәсіпкер.

Дәурен Раманқұл аяқ-киім шығаратын цехты үш жыл бұрын ашқанын айтады. Әрине, бірден екі проблемаға тап келген: Алматыда аяқ-киім жасайтын шеберлер жоқ, оның үстіне ішкі нарықта сапалы шикізат та жоқ.

Ол Қасым-Жомарт Тоқаев сатып алған туфлидің құны 21 мың теңге екенін айтты.

"Біздің аяқ-киімдер түріктікіне, орыстікіне қарағанда 2-3 есе арзан. Оның үстіне біз сапалы таза былғарыны қолданамыз", - дейді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды