"Қазақфильмнің" бастығы ауысты

brod.kz
Жаңа президент Арман Асенов.

"Қазақфильмде" басшы ауысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа басшы Арман Асенов болды.

Өткен аптада Бақыт Қайырбековтың "Қазақфильм" президенті қызметінен кеткені белгілі болған еді.

Арман Асенов – қазақстандық актер, продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан кинопродюсерлері мен киноөндірушілері гильдиясының төрағасы. Қазақстан Жастар одағы премиясының лауреаты. Бірқатар мемлекеттік және мерейтойлық медальдармен мараптталған.

1995 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын, 1998 жылы Мәскеудегі С.Эйзенштейн атындағы Кино мектептерін дамыту халықаралық қорының жоғары режиссерлік курсын "Кино өндірісін, мәдени және бұқаралық бағдарламаларды ұйымдастырушы" мамандығы бойынша, 2000 жылы Мемлекеттік қаржы институтын бітірді.

1995 - 2002 жж - актер, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ продюсері.

2002 - 2006 жылдар - "Казкинопрокат" бірлестігінің бас директоры, кинопродюсер. 2006 - 2007 жж - Алматыдағы Республика сарайы директорының орынбасары. 2007 - 2010 жж - Астанадағы "Жастар" сарайының директоры.

2010 - 2014 жылдар - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, "Бәйтерек" ұлттық продюсерлік орталығының бас продюсері.

2014 - 2015 жж - Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ бірінші вице-президенті

2015 - 2016 жылдар - "Қазақ Елі" Тұңғыш ұлттық сериалының бас продюсері.

2017 жылғы 6 қаңтардан бастап - "Республика Сарайы" ЖШС директоры, кинопродюсер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды