Елшілер Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары дайындығын талқылады

ҚР СІМ баспасөз қызметі
Өз кезегінде, қытайлық дипломат Мемлекет басшысының Қазақстан – Қытай қатынастарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Қытайдағы Қазақстан Республикасының елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Лэ Юйчэнмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешектерін, сондай-ақ жоғары және биік деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бағыттарын талқылады.

Одан бөлек биылғы қыркүйек айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға алғашқы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Өз кезегінде, қытайлық дипломат Мемлекет басшысының Қазақстан – Қытай қатынастарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Сондай-ақ осы жылдың екінші жартысында өткізілуі жоспарланған көпжақты халықаралық іс-шаралар күнтізбесі мен өзара сапарлар кестесі талқыланды. Қазақстан – Қытай қарым-қатынастарының жан-жақты стратегиялық әріптестігінің оң серпінін сақтау мақсатында саяси, парламентаралық, партияаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық тұрақты байланыстарды дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды