Елбасы Нұрлан Нығматулинді Мәжілістегі Nur Otan фракциясының жетекшісі етуді ұсынды

Мәжілістің баспасөз қызметі
Нұрлан Нығматулин бұған дейін V-ші шақырылымда, 2012 жылдың қаңтарынан бастап 2014 жылдың сәуіріне дейін депутаттық фракцияны басқарған болатын.

Бүгін "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Мәжілістегі парламенттік фракция жетекшісі қызметіне ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фракцияның салмағы жоғары болуы керектігін атап өткен партия жетекшісі жұмысты күшейту жөнінде бірқатар міндеттер қойды.

– Мен Нығматулинді Мәжіліс фракциясының жетекшісі лауазымына ұсынамын... Фракция салмақты болуы керек, сонда беделді болады... Әлемнің басқа елдерінде бар ережелерді сақтай отырып, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нигматулинді фракция жетекшісі қызметіне ұсынамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрлан Нығматулин бұған дейін V-ші шақырылымда, 2012 жылдың қаңтарынан бастап 2014 жылдың сәуіріне дейін депутаттық фракцияны басқарған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады