Қырғызстанға Ақаевтың қызы Бермет ұшып келді

barometr
Бермет Ақаева 19 тамызда Мәскеуден ұшып келді.

Қырғызстанға Асқар Ақаевтың қызы – Бермет ұшып келді. Бұл туралы адвокат Канат Хасанов хабарлаған екен. Ақпаратты 24.kg басылымына құқық қорғау органдары растады.

Канат Хасанов жазғандай, "Бермет Ақаеваны қасына екі бала ерткен орыс жігіті күтіп алды. Шындығында, оған қарсы ешқандай қылмыстық іс жоқ", — деп жазды ол.

Бермет Ақаева Мәскеуден ұшып келген екен.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевқа бірқатар айып тағылған, оның ішінде Қытай мен Қазақстанға жер беру, Боспиек ауылында наразалыққа шыққандарды ату, саяси қарсыластарын қудалау, биліктің бәрін өзіне тартып алу және басқа да айыптар бар.

Бас прокуратура қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Асқар Ақаевқа іздеу салды. Алайда Ресей билігі бұрынғы қашқын-президентті Қырғызстанға бермей қойған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанның бес өңірінде қар жауып, жолдар тайғақ болады